Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық қыздар күрестен Азия чемпионатында екі алтын алды

Опубликовано:

Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен күрес түрлерінен Азия чемпионатында бұрымдыларымыз екі бірдей алтын медаль иеленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

күресс
Фото: olympic.kz: Instagram

Әйелдер арасындағы бәсекенің екінші күнінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған.

Айта кетсек, 53 келіде күрескен Татьяна Ахметова жарыс жеңімпазы атанып, алтыннан алқа тағынған. Ол финалда әлем және Азия чемпионы жапониялық Маю Мукаиданы жеңді. 

Ал 72 келіде күрескен Жамиля Бақбергенова ел қоржынына екінші қоланы салды. 

62 келіде күрескен қазақстандық бұрымды балуан Аяулым Қасымова финалда қарсыласына есе жіберіп, күміске ие болды. Ал 57 келіде күрескен Алтынай Сатылған қоланы қанағат тұтқан.

Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты 2 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдемен құрлықтық біріншілікте жалпы командалық есепте медаль саны бойынша 3-ші орынмен аяқтаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін 16 жастағы қазақстандық зілтемірші Рахат Бекболаттың 356 келіні бағындырып, әлемдік рекорд орнатқаны хабарланған еді.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мәлім еткендей, споршы қоссайыс нәтижесінде 356 келіні (158+198) бағындырып, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер және 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842182-kazakstandyk-kyzdar-kresten-azia-cempionatynda-eki-altyn-aldy/

pixel