Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында екі даяшы кафеге келген ер адамның жарты миллион теңгесін ұрлаған

Опубликовано:

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кафеге келушінің күртесі мен ірі сомадағы ақшасын ұрлады деген күдікпен екі даяшыны ұстады. Бастапқыда қыздар ештеңе білмейміз деп ақталғанымен, артынша ұрлығын мойындаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысында екі даяшы кафеге келген ер адамның жарты миллион теңгесін ұрлаған
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

46 жастағы Алматы облысының тұрғыны заттарының жоғалғанын, ішінде жарты миллионнан астам теңгесі барын айтып, полицияға жүгінген деп жазады Polisia.kz.

Ер адамның айтуынша, ол Алматы - Өскемен бағытындағы тас жолда кафелердің біріне кірген. Тамақтанып болған соң ол қалтасында ақшасы бар күрткесін ұмытып кетіпті. Кафеге қайта келген кезде қызметкерлер оған ешқандай күртке де, ақша да көрмегендерін айтқан.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары екі жас даяшы қыздың заттар мен оның қалтасындағы ақшаны алғаны белгілі болған.

Екеуі тапқандарын жертөлеге жасырып қойыпты. Көп ұзатпай полицейлер заттарды заңды иесіне қайтарып берген.

Ал даяшылар қылмыстық істің басты күдіктілері атанды. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 188 бабы бойынша тергеу бастаған.

Еске сала кетсек, Алматы облысында балаларын жетектеген апалы-сіңлілілер бес бутикті тонап кеткені хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842187-almaty-oblysynda-eki-daasy-kafege-kelgen-er-adamny-zarty-million-tegesin-rlagan/

pixel