RU

Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалып кеткен баланы тапты. Атап өтейік, мектеп оқушысының іздестіріліп жатқаны туралы хабарлама екі күн бұрын желіде мегаполистің білім басқармасының бетінде пайда болды. Сондай-ақ, баланың жоғалғаны туралы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Кикимов хабарлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды

Көрнекі фото: Pixabay

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, екі күн бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кеткен бала табылып, ата-анасына табысталды.

Баланы іздеуге 150-ден астам адам қатысты, олардың ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еріктілер және баланың тағдырына немқұрайлы қарамайтын азаматтар болды.

Жасөспірім өткен түнде табылды. Ол қаланың төменгі бөлігінен анықталды. Полицейлердің ақпаратына қарағанда, жасөспірімнің жағдайы жақсы, оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төндірмейді.

"Оның үйден кету себептері әлі де белгіленбек", - деп атап өтті қалалық полиция департаментінде.

Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған баланы іздеуге көмек көрсеткен барлық азаматтарға алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, бала 20 ақпанда жоғалып кеткен.

Түстен кейін ол үйден шығып, қайтып келмеді. Кешке мектеп оқушысының ата-анасы құқық қорғау органдарына жүгінді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды
Mailfire view pixel