Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Атырауда ломбард клиенттері директорды кепілдікке алды

Опубликовано:

Атыраудағы Home Avto Invest ломбардының салымшылары қаладағы тағы бірнеше ломбардтардың жағдайына алаңдап, өздерін және ақшаларын түбегейлі қорғауға шешім қабылдады: олар ұйым директорын кепілге алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ: Атырауда ломбард келушілері директорды кепілдікке алды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Оқиға орнына жергілікті "Ақ Жайық" басылымының тілшісі барды.

Оның айтуынша, бәрі 21 ақпан күні кешке басталған. Ол кезде ломбард клиенттері ұйым кеңсесінің алдына жиналып, барлық кепілге қойылған мүлікті қайтаруды талап етті.

Бірнеше күн бұрын тағы бір ломбардтың келушілері жаппай полицияға жүгіне бастады. Олар өзірінің алданғанынан күдіктенген. Азаматтарға ломбард сататын жылжымайтын мүлікті немесе автокөліктерді тиімді бағамен сатуды ұсынды, яғни иелері нарықтық бағадан жоғары соманы алады.

Алайда енді өз мүлкін салған адамдар қызметкерлерге хабарласа алмайды, кеңсенің өзі жабық тұр.

Бұл жаңалық екінші ломбард клиенттерінің наразылығын тудырды: олар ұйым кеңсесіне жиналып, олардың мүлкін жаппай қайтаруды талап ете бастады. Нәтижесінде, өзін нашар сезінген директорды жедел жәрдем алып кетті, ал клиенттер өз ақшаларын және көліктерін қайтарып ала алған жоқ, полиция кеңсені мөрлеп жіберді.

Енді осыған ұқсас үшінші жағдай Атырау ломбардының айналасында орын алды. Оның келушілері ұйым директорын кепілдікке алып, оны тек салымдарын қайтарғаннан кейін ғана босататынын мәлімдейді.

Басылым кепілдікке алынған адам орналасқан үйдің жанында бірнеше полицей көлігі тұрғанын, бірақ әзірге тәртіп сақшылары оны босатуға тырысты ма, белгісіз екенін хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842205-bak-atyrauda-lombard-kelusileri-direktordy-kepildikke-aldy/

pixel