RU

Алматы облысында митингке шығуға үгіттеген екі адам тұтқындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында заңсыз митингіге шақырғаны үшін екі адам ұсталды. Олардың арасында белсенді Жанболат Мамай да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысында митингке шығуға үгіттеген екі адам тұтқындалды

Фото: instagram.com/mamayzhanbolat

Полиция департаменті 31 жастағы Жанболат Мамай мен 29 жастағы Рахматолла Жанболдың ұсталғанын хабарлады.

Полиция хабарламасында ұсталғандардың әлеуметтік желілердің көмегімен қазақстандықтарды заңсыз митингке қатысуға шақырған.

Сот Мамайды 3 тәулікке, Рахматолланы 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бас прокурордың орынбасары қазақстандықтарға санкцияланбаған митингтерге қатысудан бас тарту туралы айтып, ескерту жасады.

Өз хатында қадағалау органы азаматтардың заңсыз іс-шараларға қатысуға негізінен экстремистік деп танылған және елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ұйымының (ҚДТ) шақыратынын атап өтті.

Заңға сәйкес, азаматтар бейбіт шеру ұйымдастырғысы келсе, онда ең алдымен оны ұйымдастыруға рұқсат алуы керек.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ресми рұқсат алғанға дейінгі митинг орны мен уақытын жариялау әкімшілік жауапкершілікті көздейді деп еске салды бас прокуратурада.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында митингке шығуға үгіттеген екі адам тұтқындалды
Mailfire view pixel