RU

Дархан Қалетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бұған дейін республика президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Дархан Қалетаев өткен жылдың 18 желтоқсанында қызметінен босатылып, жаңа лауазымға тағайындалды. Енді ол Қазақстанның Украинадағы елшісі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Дархан Қалетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды

Фото: ОКҚ

Бүгін Дархан Қалетаевтың жаңа лауазымға ие болғаны белгілі болды. Ол Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі болды.

"Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Ашық дереккөзде жарияланған ақпаратқа сәйкес, саясаткер 1972 жылы 14 қазанда ШҚО-да дүниеге келген.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі болып, "тарихшы" мамандығы бойынша диплом алды.

1996-1997 жылдар аралығында Қазақстан перезиденті жанындағы Ұлттық Жоғары мемлекеттік басқару мектебінде оқыды.

Сонымен қатар, саяси ғылымдар докторы болып табылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дархан Қалетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды
Mailfire view pixel