RU

Атырауда ломбард директоры өзінің кепілге алынғаны туралы сыбыстардан кейін видеоүндеу жолдады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бұған дейін БАҚ-та Атыраудағы Home Avto Invest ломбардының директоры кепілге алынды деген ақпарат пайда болды. Ломбрад меңгерушісі оқиға түснік енгізу үшін видеоүндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

директор пікір білдірді

Фото: Видеодан кадр, KAZ.NUR.KZ

"Менің есімім Тоқышев Еламан Алдабергенұлы, мен екі сағат бұрын әлеуметтік желілерде өзімнің кепілдікте отырғаным туралы пайда болған ақпаратты жоққа шығарғым келеді. Бұл олай емес. Қазіргі уақытта, 2020 жылдың 22 ақпанында мен Атырау қаласының полиция басқармасында тұрмын. Менде барлығы лұрыс, ешкім мені кепілдікте ұстап тұрған жоқ", - деді компания директоры.

Сонымен қатар, бұған дейін аймақтық полицияда қазіргі уақытта "Гарант Ломбард" және "Нұрали-Капиталға" қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Сонымен бірге, "Гарант 24 Ломбард" өкілдігінің басшысы УҰИ-ға қамауға алынды.

Home Avto Invest атқарушы директорын кепілге алған жағдайға қатысты оның шын мәнінде салымшыларға барғаны анықталды. Бірақ оны ешкім ұстап қалған жоқ және зорлық шараларын қолданбаған.

Ер адам осы мәселе бойынша істі қарау үшін полицияға жеткізілді. Ол өзінде бәрі жақсы екенін растады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда ломбард директоры өзінің кепілге алынғаны туралы сыбыстардан кейін видеоүндеу жолдады
Mailfire view pixel