Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойда қайын әпкесін ұрып жіберген қалыңдық күйеусіз қалды

Опубликовано:

Үйлену тойы үстінде қайын әпкесінің ерсі қылығына шыдамаған қалыңдық оны сабырға келтіру үшін ұрып жіберген. Мұны көріп қалған күйеу жігіт сүйіктісін тойдың ортасында қалдырып, ажырасатынын айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.

Тойда қайын әпкесін ұрып жіберген қалыңдық күйеусіз қалды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қалыңдық өміріндегі ең қуанышты күнінде күйеуінен айырылып қалғанын сөз етті. Айтуынша оған сүйіктінің әпкесі себепкер болыпты.

Әйел салтанатты жиынға ащы суға тойып келген. Ол тіпті, ерлі-зайыптыларға арналған сыйлықтар тұрған жерге құсып, білгенін істепті.

Ал келіншек той қонақтары сыйлаған ақша салынған хатқалтаның бірнешеуін қалтасына салып жатқан кезде қалыңдық шыдамай, қайып әпкесін ұрып жіберген.

Бірнеше сағат бұрын қалыңдықпен мәңгі бірге болуға уәде берген жігіт барлығының көзінше оны тастап кеткен.

Қайғыдан құса болған ару желідегілерге мұңын шағып, көпшіліктен кеңес сұрады. Желі қоданушылары қайып әпкесіне қол көтерген қалыңдықты сөккенімен, оның біртүрлі отбасына келін болмағанына қуануы керек екенін жарыса жазды.

Олар бойжеткенге тезірек ажырасуға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, 83 жастағы әжей жерлеу рәсімі кезінде тірілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1842228-tojda-kajyn-pkesin-ryp-zibergen-kalydyk-kjeusiz-kaldy/

pixel