RU

"Гарант 24 Ломбард" филиалдарының директорлары Қазақстанның үш қаласында ұсталды

Атырауда "Гарант 24 Ломбард" қаржы ұйымының айналасындағы дау жаңа сипатқа ие болды. Жүздеген салымшы аталған ұйымға алданып қалғанын айтып, полицияға арыз түсірді. Ал бүгін үш филиал директорларының ұсталғаны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Гарант 24 Ломбард" филиалдарының директорлары Қазақстанның үш қаласында ұсталды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Қарағанды мен Таразда ломбард филиалдарының директорларын ұстау туралы ақпарат құқық қорғау органдарының Polisia.kz ресми ресурсында жарияланды.

Кеше, 21 ақпан күні полицияға Тараз қаласының бірнеше тұрғыны арызданған.

Жамбыл облысының полициясында директордың ұсталғаны хабарланды. Әзірге зардап шеккендердің нақты саны мен шығын сомасы анықталған жоқ. Компанияның іс-әрекетінен зардап шеккен облыс тұрғындарын ішкі істер органдарына хабарласуды сұрайды.

Қарағандыда дәл осындай жағдай орын алған. Мұнда 36 азамат аоыз түсіргеннен кейін полиция ломбард директорын ұстады. Екі жағдайда да "аса ірі мөлшердегі алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, сайт Қызылорда қаласының 70 тұрғыны осы ЖШС үстінен арыз түсіргенін хабарлайды. Алайда, бұл қалада басқа, яғни, "қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару" бабы бойынша іс қозғалды.

Павлодарда "Гарант 24" директорының ұсталғаны туралы "Павлодар-онлайн" аймақтық басылымы хабарлайды.

Полициядан алынған басылымның мәліметтері бойынша, тергеу "аса ірі көлемдегі алаяқтық" бабы бойынша жүргізілуде. Директор қамауға алынды.

Басылым зардап шеккен қазақстандықтардың айтуынша, ұйым ай сайынғы үлкен сыйақы үшін белгілі бір соманы енгізуді ұсынғанын жазады. Пайда табу үмітімен несие ала бастаған адамдар, мүлікті сатып, қолма-қол ақшаны ұйымға салып отырған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Атырауда ломбардтардың жабылуы туралы барлық жаңалықтардан кейін клиенттер директорды кепілге алды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842234-garant-24-lombard-filialdaryny-direktorlary-kazakstanny-s-kalasynda-staldy.html