Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде күйіп қалған қаһарманға пәтер берілді

Опубликовано:

Ақтөбелік Артем Головня адамды өрттен құтқаруға тырысып, қатты күйік алған. Бүгінде ауруханада емделіп жатқан жас жігіт, шыққанан кейін бірден пәтерге көшеді. ОТбасыға тұрғын үйді ақтөбелік кәсіпкер әйел сыйлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде күйіп қалған қаһарманға пәтер берілді
Фото: instagram.com/aktobe_times: UGC

"Ақтөбе Таймс" газетіне белгілі болғандай, Ақтөбеден келген кәсіпкер Кералайн Сердалина әлеуметтік желілерден Артем туралы біліп, анасы екеуіне тұрғын үй сатып алуды шешті.

Олар қала аудандарының бірінде үш бөлмелі пәтерді бірге таңдады. Қазір еріктілер отбасына жөндеу жұмыстарымен көмектесіп жатыр, емделгеннен кейін Артем өз үйіне қайта орала алады.

Бизнесвумен жігіттің оқиғасы оның көңілін елжіретіпті, сондықтан ол бірден еріктілермен байланысып, алдымен емделуге ақша жіберген. Ал отбасының жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын білгенде оларды осылайша қуантуға бел буыпты.

Артемнің анасы ұлы екеуінің осындай күтпеген сыйлыққа ұзақ сене алмағандарын мойындады.

Қазіргі уақытта Артем емделіп жатқан травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері жігіт ауруханаға келіп түскенде сепсис басталғанын айтты. Бірақ қазір ақтөбеліктің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, Артем жанып жатқан гаражға жүгіріп, қартайған ер адамды өрттен алып шығуға ниеттенген кезде ауыр жарақат алған.

Ер адамды құтқару мүмкін болмады, ал Артемның денесінің 60%-ын күйік шалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842239-aktbede-kjip-kalgan-kaarmanga-pter-berildi/

pixel