Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гарант 24" ломбардының салымшылары миллиондарынан айырылып қалды

Опубликовано:

"Гарант 24 Ломбард" қаржы ұйымымен жанжал қарқын алып келеді: тағы үш аймақта директорлардың ұсталғаны белгілі болды. Полицияға ондаған азамат жүгінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Гарант 24" ломбардының салымшылары миллиондарынан айырылып қалды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жақында құқық қорғау органдарына Ақтау мен Жаңаөзеннің 70 тұрғыны жүгініп, өз салымдарының тағдырына алаңдаушылық білдірді. Бүгін компанияның аймақтық басшысының қамауға алынғаны белгілі болды.

Аталған ұйымның үстінен Өскемен қаласының 7 тұрғыны және Семей қаласының 21 тұрғыны дәл осындай шағым түсірді. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар 52 млн теңгеден астам сомаға алданып қалды деп хабарлайды полицияда.

Филиал директорлары ұсталды және изоляторға орналастырылды. Зардап шеккендерді полицияға хабарласуды сұрайды.

Еліміздің батысында полицияға тағы 2 қазақстандық ұйымның үстінен арыз түсірді. Олар компания өздерін 13,5 млн теңгеге алдады деп мәлімдеді.

Оралдағы компания филиалының директорлары ұсталып, қамауға алынды деп жазады Polisia.kz.

Айта кету керек, осы үш жағдайда да тергеу әр түрлі баптар бойынша жүргізіліп жатыр: ШҚО мен Оралда - "Алаяқтық" бабы, ал Ақтауда - "қаржы пирамидаларын құру" бабы бойынша жүруде.

Бүгін ұйымның тағы үш қалалық филиалдарының директорлары ұсталды. Оларға қарсы осындай баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842242-garant-24-lombardyny-salymsylary-milliondarynan-ajyrylyp-kaldy/

pixel