RU

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер миы шайқалған балаға көмек көрсетуден бас тартқан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан тұрғыны астаналық дәрігерлердің жұмысына наразы. Оның сөзінше, ақ халаттылар балаға алғашқы көмек көрсетуден бас тартқан. Ал травматология бөліміндегілер нұсқаулық бойынша әрекет еткендерін айтуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер миы шайқалған балаға көмек көрсетуден бас тартқан

Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлдың анасы "Астана" арнасының тілшілерімен сұқбаттасып, басынан өткен жайтты баяндап берді.

Әйелдің айтуынша, оның ұлы төбешікте сырғанап жүріп, төмен түсіп бара жатқан кезде басымен сәтсіз құлаған. Ол баламен бірге бірден жақын маңдағы травмпунктке барған, алайда ол жердегілер анасының айтуынша, баланы тексеруден бас тартты.

Жасөспірімнің жағдайы нашарлай бастағанда, дәрігерлер олардың ауруханадан шығып кетуін сұраған. Нәтижесінде әйел ұлымен бірге балалар ауруханасына барған. Ол жердегілер жасөспірімнің миы шайқалғанын анықтап, оны шұғыл ауруханаға жатқызды.

Травматалогия меңгерушісі жасөспірім өз аяғымен келгендіктен дәрігерлер оған нұсқаулық бойынша көмек көрсетуден бас тартқанын айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінде ересектер травматологиясында балаға көмектесуге қабілетті мамандар болмағанын түсіндірді. Дегенмен, оны алдымен қарап, содан кейін бейінді ауруханаға жіберу керек еді.

Қоғам өкілдері мұндай жағдаймен келіспейді. Олар қазақстандықтар жасына немесе мекенжайына қарамастан медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие болуы тиіс деп санайды.

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл мәселе міндетті түрде қаралатын болады деп уәде етеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда дәрігерлер миы шайқалған балаға көмек көрсетуден бас тартқан
Mailfire view pixel