Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы мексикалық "Тайсонды" жеңді

Опубликовано:

бокс
Фото: instagram.com/nurzatsabyr: UGC

Биыл кәсіби рингке оралған қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров мексикалық "Тайсонды" жеңіп, Канадада сәтті өнер көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Sports.kz басылымының хабарлауынша, рингте Сабыров "Тайсон" лақап атымен танымал мексикалық боксшы Рикардо Флореспен кездесті.

8 раундтан кейін қазақстандық боксшы жеңіске қол жеткізді - мұндай шешімді кеш төрешілері бірауыздан қабылдады.

Осылайша, Нұрзат әзірше кәсіби рингте бірде-бір жеңіліске ұшырамаған: оның қоржынында 11 жеңіс бар.

Ал мексикадан шыққан "Тайсон" мансабында сегізінші рет жеңіліс тапты. Айта кетейік, Флорес Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді. Головкиннің қарсыласы Сауль Альварес аталған компанияның жұлдызы болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, аралас жекпе-жекте өзіндік орны бар қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың әлемдегі ең танымал Ultimate Fighting Championship (UFC) прмоутерлік орталығымен келісім шартқа отырғаны туралы хабарлаған едік.

Қуанышты жаңалықты спортшының менеджері Саят Абдрахманов Instagram желісіндегі парақшасында жанкүйерлермен бөлісті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1842249-kazakstandyk-bokssy-meksikalyk-tajsondy-zedi/

pixel