Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайлық ғалымдар коронавирустың қайдан шыққанын анықтады

Опубликовано:

Қытай ғылым академиясының тропикалық ботаникалық бағындағы ғалымдар COVID-19 вирусының таралуы желтоқсанда емес, 2019 жылдың қарашасында басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Сарапшылар бұндай тұжырымға 12 елден жиналған коронавирустың 93 үлгісінің геномдарын зерттеп (мәліметтер базасына 12 ақпанға дейін қосылды), сондай-ақ инфекция көздері мен таралу жолдарын талдау арқылы келді.

"Коронавирустың жаңа түрі "Хуанань" теңіз өнімдеріне басқа жерден келіп, тез арада нарыққа және одан басқа жерлерге таралды", делінген хабарламада.

Қытайдың тоғыз провинциясындағы жұқтыру оқиғалары Ухань қаласымен тікелей байланысты екенін байқауға болады.

Сонымен бірге, Гуандун провинциясында инфекцияның үш көзі, Чунцин мен Тайваньда тағы екеуі анықталды. Қауіпті дертке шалдыққан шетелдіктердің вирусты екі әр түрлі жерде жұқтыруы мүмкін.

Соңғы деректер бойынша, коронавирустан 2345 адам қайтыс болды.

Еске сала кетсек, осыған дейін бірнеше мыңдаған адамы бар круиз коронавирусқа байланысты Жапония жағалауында карантинге жабылғанын жазған болатынбыз.

Ал кейінірек Жапонияда 218 адам коронавирус жұқтырған круизді лайнерде төрт қазақстандықтың бар екендігі анықталды.

Біраз уақыттан кейін лайнердегі екі адамның коронавирустан қайтыс болғаны анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1842252-kytajlyk-galymdar-koronavirusty-kajdan-sykkanyn-anyktady/

pixel