RU

Атақты вайнер әрі актер Мейіржан Төребаев "Estate Ломбард" үстінен арыз түсірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қалың көрерменге "Патруль" телехикаясы арқылы танылған актер, жайдарманшы әрі вайнер Мейіржан Төребаев "Estate Ломбард" үстінен полицияға шағым түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram stories/meirzhach_tv

Фото: Instagram stories/meirzhach_tv

Тәртіп сақшыларына шағымданғанын танымал әртіс Instagram-stories функциясы арқылы мәлімдеді.

"Міне, Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл аудандық ішкі істер бөліміндемін. Мені алдап, көлігімді алып қойғаны туралы шағым жаздым. Мен де ломбард құрбанымын. Өкінішке қарай, бізде сеніп қалдық", - деді ол видео жазбасында.

Вайнердің сөзінше, қаржы ұйымы оған достары арқылы шығып, видео түсіруді сұраған.

Мейіржан ломбард өкілдері құжаттарын көрсеткеннен кейін сеніп алғанын жеткізді.

Құқық қорғау органдарына шағымданғанын білдірген әртіс енді жауап күтетінін жасырған жоқ.

"Мен де xалық секілді бұндай болатынын күтпедім", - деді Мейіржан.

Вайнер тіпті кепілге көлігін қойғанын растады. "Патруль" телехикаясы арқылы танылған актер дәлел ретінде ломбардпен жүргізген шартын және полицияға жазған шағымын жариялады. 

Еске сала кетсек, әнші Айқын Төлепберген мен актер Асылхан мен Артур Төлеповтер "Гарант 24" жарнамасына түскені үшін, халықтан кешірім сұрады.

Аталған қаржы пирамидасының ролигіне аралас жекпе жек шебері Қуат Хамитов та өткен айда түскен еді. Осыған байланысты желі оқырмандары "Найман" лақап атымен танылған спортшының халықтан кешірім сұрауын талап етуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атақты вайнер әрі актер Мейіржан Төребаев "Estate Ломбард" үстінен арыз түсірді
Mailfire view pixel