RU

Оралда екі адамды 13,5 млн теңгеге отырғызған "Гарант 24" директоры қолға түсті

Орал қаласында екі адамды 13,5 млн теңгеге отырғызып кеткен "Гарант 24 Ломбард" ЖШС филиалының директоры қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі адамнан аталған қаржы ұйымына қатысты шағым түскен. Қос арыз бойынша келтірілген шығын 13,5 млн теңгені құрады. Аталған оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 190 бабы 4 тармағына (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жедел іздестіру шаралары барысында "Гарант 24 Ломбард" ЖШС филиалының өңірлік директоры, БҚО-ның 1980 жылғы тұрғыны құрықталды.

Күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Естеріңізге сала кетейік, айдың басында 10 мыңнан астам адам құрбан болған қаржы пирамидаларының қызметі Ақтөбеде тоқтатылған. Пирамиданы ұйымдастырды деп күдікке ілінгендер қамауға алынды.

Одан бөлек, "Гарант 24 Ломбард" филиалдарының директорлары Қазақстанның үш қаласында ұсталды.

Осы жағдайға байланысты өнер иелері пікір білдірді. Әнші Айқын Төлепберген мен актер Асылхан мен Артур Төлеповтер "Гарант 24" жарнамасына түскені үшін, халықтан кешірім сұрады.

Аталған қаржы пирамидасының ролигіне аралас жекпе жек шебері Қуат Хамитов та өткен айда түскен еді. Осыған байланысты желі оқырмандары "Найман" лақап атымен танылған спортшының халықтан кешірім сұрауын талап етуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842283-oralda-eki-adamdy-135-mln-tegege-otyrgyzgan-garant-24-direktory-kolga-tsti.html