Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Самара-Шымкент" тас жолында жол апаты болып, төрт адам көз жұмды

Опубликовано:

Самара-Шымкент тас жолында жүк көлігінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алып, соның салдарынан төрт адам көз жұмды деп хабарлайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: Polisia.kz
Коллаж: NUR.KZ. Фото: Polisia.kz: Depositphotos

Қайғылы жағдай, бүгін 23 ақпанда орын алды.

Polisia.kz мәліметінше, Самара - Шымкент тасжолының 915 шақырымында 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, "Volkswagen Sharan" көлігімен соқтығысқан.

Белгілі болғандай, жеңіл көліктің бір жолаушысы дене жарақатын алып, төрт адам оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерден жол ережесін сақтауды қатаң ескертеді.

Еске сала кетсек, 15 ақпанда Маңғыстау облысындағы тас жолда жантүршігерлік жол-көлік апатынан үш адам қайтыс болғаны хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1842286-samara-symkent-tas-zolynda-zol-apaty-bolyp-trt-adam-kz-zmdy/

pixel