RU

Түркиядағы жер сілкінісінен 7 адам қаза тапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркия-Иран шекарасы маңында жер сілкінісі болып, соның салдарынан жеті адам мерт болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Тwitter.com/sharjah24

Фото: Тwitter.com/sharjah24

Түркияның ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу Түркияның шығысында орналасқан Ван провинциясында бірнеше адамның өмірін жалмаған жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Зілзаладан 7 адам қаза тапты, олардың 3-і балалар. Алдын ала мәліметтер бойынша, 5 адам жарақат алған. Сойлу ғимараттардың қирағанын, үйінділер астында адамдар болуы мүмкін екенін жеткізді.

Еуропалық сейсмологтардың мәліметтеріне сүйенетін басылым эпицентрі Табриз қаласынан (Иран) шамамен 140 шақырым жерде және Түрік Озалпынан 70 шақырым жерде жер сілкінісі болған деп хабарлайды. Магнитудасы 5,7 құрады.

Еске сала кетсек, бұған дейін 24 қаңтарда Түркияның шығысында 6,8 баллдық жер сілкінісі болғаны хабарланған.

Daily Mail-дің хабарлауынша, эпицентр орталығы Элазиг провинциясындағы Сивридж қаласының маңында болған.

Алғашқы соққының күші 6,8 баллға тең болды, содан кейін 5,4 балдан 3,5 балға дейін тіркелген. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жер асты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте болған.

Салдарынан 100-ден астам тұрғын үйлер қирап, бірнеше адам қайтыс болғаны айтылды.

Дәрігерлердің көмегіне барлығы 1566 адам жүгінген. Жергілікті басылымдар 76 ғимараттың қирағанын, 643 нысанға айтарлықтай нұқсан келгенін жеткізді.

425 нысан жеңіл және орташа деңгейде зақымданған. Табиғат апытынан кейін іле-шала 599 афтершок тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркиядағы жер сілкінісінен 7 адам қаза тапты
Mailfire view pixel