Ақтау қаласында WhatsApp арқылы қыз балаға тіл тигізген тұрғынға айыппұл салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Істі қарау барысында ер адам WhatsApp мессенджері арқылы жәбірленушінің ар-намысына тиетін сөздер айтқаны анықталған.
Ақтау әкімшілік соты оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434 бабы бірінші бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша кінәлі деп танып, бес айлық есептік көрсеткіш (13 255 теңге) көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарды.
Еске сала кетсек, осыған дейін Интернет-алаяқтарға алданбаудың жолын айтқан болатынбыз.
Ал ішкі істер министрлігі WhatsApp арқылы жеке куәлік пен банк картасының фотосын жіберуге болмайтынын мәлімдеген.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842310-aktau-whatsapp-messendzeri-arkyly-kyzga-til-tigizgen-trgyn-zazalandy.html