RU

Данияр Қайсанов екі дүркін Азия чемпионы атанды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Үндістан астанасы Нью-Делиде күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуан Данияр Қайсанов жеңімпаз атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

74 келіге дейінгі салмақта белдескен Данияр Қайсанов турнир барысында қарсылас шақ келтірмеді.

Балуан финалда Үндістан спортшысын 3:1 есебімен жеңіп, еркін күрестен ел қоржынына алғашқы алтынды салды.

Белгілі болғандай, Қайсанов жартылай финалда жапон балуаны Даичи Такатаниді, ширек финалда ирактық Карам Шакирді ұтты.

Айта кетейік, отандасымыз өткен жылы Қытайдың Сиянь қаласында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанған.

Одан бөлек, спортшы Нұр-Сұлтанда өткен әлем біріншілігінде 74 келіге дейінгі салмақта Олимпиада лицензиясына иелік етті.

Еске сала кетсек, бұған дейін 16 жастағы қазақстандық зілтемірші Рахат Бекболаттың 356 келіні бағындырып, әлемдік рекорд орнатқаны хабарланған еді.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мәлім еткендей, споршы қоссайыс нәтижесінде 356 келіні (158+198) бағындырып, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер және 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Данияр Қайсанов екі дүркін Азия чемпионы атанды (фото)
Mailfire view pixel