Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда мектеп оқушылары карантинге жіберілді

Опубликовано:

Петропавлда нөмірі 6 білім беру мекемесінің оқушылары карантинге жіберілді. Бұған соңғы кездері ЖРВИ-мен ауыратын балалар санының күрт өсуі себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Петропавловск.news.

Петропавлде мектеп оқушылары карантинге жіберілді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Осы жылдың басынан солтүстік Қазақстан облысының аумағында 19 867 ЖРВИ жұқтыру жағдайы тіркелген.

Осы орайда №6 орта мектебінің барлық оқушылары карантинге жіберілген. Сондай-ақ, қаланың бес білім беру мекемелерінде бірнеше сыныптардың сабағы тоқтатылды.

13,5 мың науқастың 14 жасқа дейінгі балалар екені белгілі. Олардың 73-інен тұмау анықталған. Сондай-ақ, белгілі болғандай, тұмау вирусы тек соған қарсы екпе алмағандардан табылған.

Аурудың алдын алу мақсатында қала тұрғындарына жеке бас тазалығын сақтап, жаппай адамдар жиналған жерлерден аулақ жүруге, дәрумендер қабылдап, науқастармен аралспай тұруға, таза ауада көбірек жүруге кеңес берілді.

Әлсіздікті сезінгендер бірден дәрігерлерге жүгініп, өзін-өзі емдеуден бас тартуы қажет.

Естеріңізге сала кетейік, бұға дейін ресейлік ғалымдар бар-жоғы бірнеше минуттың ішінде ағзадағы тұмау вирусын қалай анықтауға болатын әдісті ұсынған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842328-petropavlde-mektep-okusylary-karantinge-ziberildi/

pixel