Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сілеусін сахнадағы шоу кезінде үйретушісіне тап берді (видео)

Опубликовано:

Цхинвалдағы цирк шоуында болған жайт желіде кеңінен талқыланып жатыр. Оқырмандар жануарлармен өнер көрсету кезінде адамдар мен сахна арасында ешқандай бөгеттің болмағанына шүйлікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Южная Осетия-ға сілтеме жасап.

Сілеусін сахнадағы шоу кезінде үйретушісіне тап берді (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Желіде Цхинвалда сілеусіннің үйретушісіне тап бергені бейнеленген видео пайда болды.

Кадрдан ер адамның жануарды сахна сыртына әкету үшін шылбырынан тартып жатқанын, ал сілеусіннің оған қарсыласып жатқанын көруге болады.

Нәтижесінде мысық тұқымдас үйретушісіне шабуылдап, абырой болған ол жануарды сахнадан әрі әкете алған.

Видеоны көрген желі қолданушылары мұндай іс-шаралар балаларға үлкен қауіп төндіретінін айтады.

Олар шоу кезінде сахнаның және көрермендердің арасында қоршау болмағанын алға тартты.

"Адамдар ақша тапса болды, ал қауіпсіздік туралы ешкім ойланғысы келмейді", - деп жазды желі қолданушылардың бірі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сахнада иесіне шабуыл жасаған аюдың залды аяғынан тік тұрғызғанын жазған едік.

Куәгерлердің айтуынша, өнер көрсету барысында жаттықтырушы аюға тамақ берген. Дегенмен жыртқыш тоймай қалған болса керек, иесіне бірден тап береді. Бастапқыда адамдар бұны әдейі ұйымдастырылған сценарий деп ойлаған көрінеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1842330-sileusin-sahandagy-sou-kezinde-jretusisine-tap-berdi-video/

pixel