Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойға шашады": Экономист бюджетті дұрыс жоспарлай алмайтын отандастарына кеңес берді

Опубликовано:

Белгілі экономист Бауыржан Ысқақов қазақстандықтардың басты кемшіліктерінің біріне тоқталды. Маман еліміздің тұрғындары жалақысын дұрыс пайдалана алмайтынын, көп қаржысын тойға немесе басқа пайдасыз шараларға жұмсайтынын айтады. Оның пікірінше, бюджетті дұрыс жоспарламағанның салдарынан әрбір төртінші отандасымыз кредитке тәуелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Сарапшы пікірінше, қазіргі уақытта көп адамдардың ипотекаға сеніп алған. Сол себепті кредит алады, процент төлейді, біраз шығынға батады.

Ал отбасылық бюджетті дұрыс жоспарласа, ол шығындардың біраз бөлігін қысқартуға болады дейді экономист.

"Бізге қаржы сауаттылығы жетіспейді. Ол дегеніміз - отбасылық бюджетті тиімді басқару. Мысалы, дамыған мемлекеттерде мектеп қабырғасынан бастап университетке дейін қаржының кем дегенде 15 пайызын пассивті операцияларға салуды үйретеді, яғни 100 мың теңгенің 25 мың теңгесін депозитке немесе басқа да инфлиция жеп қоймайтын операцияларға салу қажет. Соған үйренуіміз керек", - деді экономист.

Ысқақовтың айтуынша, алайда отандастарында ондай әдет жоқ. Жалақыны бірден жұмсап тастайды. Әсіресе қазақтар ақшаны бірден тойға, немесе басқа да пайдасыз шараларға шашып жібереді. Осы себепті баспанаға қажетті алғашқы жарна жиналмайды.

"Ал қаржы жиналмағасын үй алуға келгенде кредитке белшемізден батамыз. Ол отбасылық бюджеттің тұрақсыздығын көрсетеді. Сондықтан бізге ең алдымен қаржы сауаттылығын көтеру керек. Мейлі, табысымыз 50 мың теңге болсын, соның 8-9 мың теңгесін алып қоюға үйренуіміз қажет. Олай істемейміз. Негізгі кемшілігіміз осы.
Соның салдарынан бүгінде әрбір төртінші қазақстандық кредитке тәуелді. Олардың әрбір үшіншісі, тіпті екіншісі қарызын қайтара алмай отыр. Соның арғы жағында қаржылық сауатсыздық жатыр", - дейді маман.

Экономист жасырын инфляцияны ұмытпау қажеттігін де жеткізді. Қазақстанда жыл сайынғы жасырын және жасырын емес инфляцияның көлемі 7-8 пайызды құрайды екен. Сондықтан ақшаны инфляциядан қорғайтын операцияларға салған дұрыс. Сонда ақша да жиналады, оның құны да арзандамайды.

Оның айтуынша, депозитті теңгемен ғана емес, шетелдік валютамен де ашуға болады.

"Сосын қосымша қаржы көздерін табуды үйренуіміз керек. Бір ғана жалақымен үй алу мүмкін емес. Сол себепті қосымша кәсіп меңгеріп, ақша тапқан дұрыс. Ал жалақыға қосымша ақша түссе, қаржы жинауға деген мүмкіндік те артады", - дейді Ысқақов.

Еске сала кетсек, осыған дейін ақши жинаудың оңай тәсілдерін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842333-tojga-sasady-ekonomist-budzetti-drys-zosparlaj-almajtyn-otandastaryna-kees-berdi/

pixel