Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аша Матай қызын қырқынан шығарды (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Аша Матай қызын қырқынан шығарды. Өнер иесі осыдан бір ай бұрын ғана екінші мәрте ана атанып, дүниеге Айым есімді аруды әкелген болатын. Жұлдызды жанұяның қуанышына шоу-бизнестегі барша достары жиналған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/fc_asha_matai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/fc_asha_matai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Аша Матай мен Арман Қоңырбаевтың отбасында қуанышты жағдай. Жұлдызды ата-ана екінші қызын қырқынан шығарып, достары мен туысқандарына дастархан жайды.

Өнер иелері аталмыш салт-дәстүрді өз үйінде кілең ет-жақындарының арасында өткізуді жөн көрген. Алайда, танымал жанұяның қонақтары бірден әлеуметтік желіде мерекелік отырыстан фото және видеоларды жарыса жүктеген.

Оған қоса, шаңырақ иелері Аша Матай мен Арман Қоңырбаев та қызының қырқынан шығаруынан бейнематериалдарды жариялап қойған.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа құттықтауларын жаудырып, кішкентай Айымға зор денсаулық тілеп жатты.

Айта кетейік, 13 қаңтар күні Арман Қоңырбаев пен Аша Матай екінші мәрте ата-ана атанған болатын. Олардың отбасы тағы бір қызбен толықты. Ерлі-зайыптылар перзентіне Айым деген ат қойған.

Жұлдызды әке әйелі мен сәбиін перзентханадан ерекше шығарып алды. Әнші жарын гүл шоқтарына көмкеріп, медициналық орталықты шулатып кеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842334-asa-mataj-kyzyn-kyrkynan-sygardy-foto-video/

pixel