Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа байланысты Италиядағы әйгілі театр жабылды

Опубликовано:

Италияның Милан қаласында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты опералық "Ла Скала" театры уақытша жабылып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавирусқа байланысты Италяидағы әйгілі театр жабылды
Көрнекі фото: Getty Images / NurPhoto: Facebook

Театрдың жұмысы қашан басталары әзірге белгісіз. Дәл осындай себеппен қаладағы ірі көркем сурет галереясы "Брера" да жабылған.

Сондай-ақ елде Венециядағы карнавал шұғыл түрде тоқтатылды. Қазіргі уақытта Италия басшылығы 1 наурызға дейін жоспарланған әртүрлі мемлекеттік, жеке, спорттық шаралардың барлығын тоқтатқан.

Ломбардия облысының губернаторы 100-ден астам коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген соң мектеп жұмысын тоқтататын қаулыға қол қойған.

Айта кетсек, Италияда пневмониясының жаңа түрін жұқтырғандар саны екі күн ішінде 132 адамға жеткен. Екі адам қайтыс болған. Елдің Ломбардия мен Венето облыстары коронавирус ошағына айналып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяда коронавирусқа байланысты қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланғанын хабарлаған едік.

Бұл елде аталмыш инфекцияны 763 адам жұқтырған.

Пневмонияның жаңа түрінен барлығы 7 адам көз жұмып, 18 науқас ауруханадан емделіп шыққан. Ал 8 725 адамның сараптамаларын дәрігерлер әлі тексеруде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842338-koronaviruska-bajlanysty-italiadagy-jgili-teatr-zabyldy/

pixel