Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Квентин Тарантино 56 жасында алғаш рет әке атанды

Опубликовано:

Күллі әлемге әйгілі кинорежиссер Квентин Тарантино алғаш рет әке атанды. 56 жастағы кино саласының майталманына сүйіктісі ұл бала сыйлаған. 35 жастағы израилдік модель Тель-Авив қаласында босанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ spletnik.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Танымал кинорежиссердің ұлды болуын алғашқылардың бірі болып, "Вести Израиль" басылымы хабарлаған.

Тарантиноның жары Даниэла Пиктің жүктілігі жайлы тамыз айында мәлім болды. Жұлдызды жұп тіпті, отбасындағы қуанышты жаңалыққа қатысты ресми мәлімдеме жасады. Олар алғаш рет сәбилі болатынын қалың көпшілікпен бөлісуді жөн көрген.

Қызығы, Квентин Тарантино сүйіктісімен жолықпай тұрып, бірнеше жыл бұрын неке мен балалар жөнінде кері пікір білдіріп жүрді.

"Мені дұрыс түсініңіздер. Мен кино түсіру үшін бұл өмірде көп нәрседен бас тартқан адаммын. Менің әйелім мен балаларым жоқ. Мен нақты мақсат қойған соң, бұл құрабндыққа баруға мәжбүр болдым. Және де мен бақыттымы" , - деген болатын режиссер бір сұхбатында.

Алайда, Квентиннің ойы енді түбегейлі өзгерген көрінеді. Жұлдызды әке жақында келесі түсіретін фильмімен режиссерлік мансабын аяқтайтынын айтып, дүйім жұртты таңғалдырды. Көпшілік әлемдік жұлдыздың бұл мәлімдемесіне мүлдем дайын емес болған.

Айта кетейік, кинорежиссер мен израилдік модель осыдан он жыл бұрын кино түсірілімі кезінде танысқан. Квентин мен Даниэла бірден көңіл жарастырғанымен, тез арада айырылысып кетті.

Бірақ, араға бірнеше жыл тастап, ғашықтар қайта қосылды. Жұлдызды жұптың үйлену тойы өткен жылдың қараша айында өткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842342-jgili-kventin-tarantino-56-zasynda-algas-ret-ke-atandy/

pixel