RU

Уханьда коронавирустан тағы бір дәрігер көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Уханьдағы ауруханалардың тағы бір дәрігері коронавирустан қайтыс болды. Белгілі болғандай, ол ауруханаға 19 қаңтар күні жатқызылып, ол күні кеше көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Уханьда коронавирустан тағы бір дәрігер қаза тапты

Көрнекі фото: pixabay.com

29 жастағы дәрігер Ся Сысы 19 қаңтар күні Уханьдағы ауруханада науқастардың бірімен жұмыс жасап жатқан кезде вирусты жұқтырып алған.

Осы айдың жетісі күні дәрігердің жағдайы нашарлай берген соң ол басқа медициналық мекемеге жатқызылған деп жазады The Straits Times.

Медицина қызметкерлері әйел адамның өмірін барынша сақтап қалғысы келгенімен, қолдан келер шара болмаған. Ол 23 ақпан күні таңертең қайтыс болған. Аурухана қызметкерлері дәрігердің туыстарымен бірге аза тұтуда. Хабарланғандай, билік марқұмның туыстарына көмектеспек.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, жаңа коронавирусты жұқтырғандардың саны шамамен 77 мың адамға жеткен, ал 2442 науқас көз жұмған.

Сондай-ақ, бұған дейін Қытай түрмелерінде де коронавирус жұқтырғандар саны артып жатқаны хабарланды. Қауіпті індет 500-ден астам сотталушыдан анықталған.

Айта кету керек, Оңтүстік Кореяда коронавирусқа байланысты қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Уханьда коронавирустан тағы бір дәрігер көз жұмды
Mailfire view pixel