RU

Кейбір дәрі-дәрмектер жүргізуші куәлігінен айыруы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласы бойынша сот сараптамалары институтының мамандары кейбір дәрілер көлік жүргізу куәлігінен айыруы мүмкін екенін ескертті. Мәселен тұмау мен жөтелге қарсы дәрілердің құрамындағы кодеин, фенобарбитал сынды қоспалар ішімдік пен есірткінің аз мөлшерін көрсететін екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Мамандардың сөзінше, адамның ауруын жазған дәрі көлік жүргізу куәлігінен айыруы ықтимал.

Мұндай жағдай жиі кездеседі екен. Мысалы дене қызуына, тамақ ауруына және тұмауға қарсы дәрілердің құрамында апиыннан алынатын кодеин, фенобарбитал сынды ауруды бәсеңдететін қоспалар бар. Оны тұрақты пайдаланған соң, адам ағзасы бір аптада толық тазарады.

"Әрине дәрілердің құрамындағы кодеин, фенобарбитал сынды қоспалар ішімдік ішкен, есірткі пайдаланған адамдардың ағзасындағы мөлшерге қарағанда әлдеқайда төмен. Бірақ жылдам сараптама жасайтын құрылғылар дәрілердің де мөлшерін көрсетеді. Сондықтан толыққанды сараптамадан өту керек. Ол жерде уақыт шектеуі бар", - дейді Алматы қаласы сот сараптамалары институтының бөлім басшысы Дарья Скурихина.

Ол бұндай даулы мәселе кезінде бірден зертханалық сараптама жасату қажеттігін ескертті.

А. Кемелжан

Еске сала кетсек, осыған дейін жаңа жылдан бастап жол ережесін бұзғандарға қатысты айыппұл мөлшері қалай өскенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, мас күйінде жол апатын жасағандар он жылға сотталуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Кейбір дәрі-дәрмектер жүргізуші куәлігінен айыруы мүмкін
Mailfire view pixel