RU

Қазақ тілін жақсы меңгерген орыс жігітіне астаналықтар таңдай қақты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Оралдан келген славян келбетті жігіттің қазақ тілінде еркін сөйлеген видеосы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Алексей есімді азаматты блогер Аида Жексен өз Facebook парақшасында жариялаған.

Қазір жігіт білім алумен қатар, елордалық кафелердің бірінде жұмыс істейді. Ал тамақтануға келген меймандар оның қазақ тілін еркін меңгергеніне таң қалып, видеоға түсіріп алған.

Ролик кадрларында студент сүйікті тағамы бешбармақ екенін айтады.

"Мен етті қатты жақсы көремін", - дейді ол.

Қазір Алексейдің сүйікті қызы да бар екен. Ол жақын арада ғашығына да қазақ тілін үйретпек.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда тұратын африкалық этнос өкілі Даниель Джеймс ғашығының арқасында қазақ тілін қалай үйреніп кеткенін айтып берді. Ол сүйіктісімен бір тілде сөйлегісі келгендіктен Қазақстанның мемлекеттік тілін барынша белсенді түрде меңгеруге тырысқан.

Ал нидерландтық эрготерапевт Натан Виссер Қазақстанда он жыл тұрып, арбаға таңылған біраз баланың аяққа тұруына көмектескен. Қазақтың жанын түсіну үшін алдымен тілін үйрену керек деген дәрігер, тіпті, қазақ ауылына барып тұрған.

Натан Виссер Қазақстанға алғаш рет 2005 жылы келген. Табиғаты сұлу, халқы қонақжай елді ұнатып, бір жылдан соң көшіп келіпті. Эрготерапевт Нидерландыда алған дипломымен бірден ауылға барған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақ тілін жақсы меңгерген орыс жігітіне астаналықтар таңдай қақты (видео)
Mailfire view pixel