Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус тараған Diomond Princess лайнеріндегі төрт қазақстандық елге оралды

Опубликовано:

Коронавирус тарауына байланысты жолаушылары карантинге жабылған Diamond Princess лайнеріндегі төрт қазақстандық елге оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Diamond Princess кемесі. Фото: Carl Court / Staff / Getty Images
Diamond Princess кемесі. Фото: Carl Court / Staff / Getty Images: Getty Images

Ведомство мәліметіне сәйкес, бүгінде Қытай мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

Мәселен, 2020 жылғы 6 қаңтардан 23 ақпанға дейін елімізге 30 066 адам келген.

"6 қаңтар - 20 ақпан аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 32 004 адамды қарап-тексерді.
Мониторингке барлығы 24 464 келгендер алынды, 23 972 қамтылды, мониторингтен 24 252 алынды, соңғы 14 күнде келген 212 адам медициналық бақылауда қалды және ауруханаға жатқызылғандар 78 адам.
Бүгінгі күнге дейін ЖРВИ белгілерімен 165 адам көпшіліктен оқшауланып, емдеуге жатқызылды, оның 158 шығарылды, стационарларда медициналық бақылауда 7 адам қалды",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 23 ақпан таңертеңгі сағат 2:30-да Нұр Сұлтан қаласына Токио қаласынан 20 қазақстандық азамат оралған. Оның ішінде 4 адам – "Diamond Princess" жапон лайнерінің жолаушылары. Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілген. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.  

"Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.
Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған. Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет", - делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін алдын-алу шараларын сақтауды ұсынды.

Айта кетейік, 21 ақпан күні Diamond Princess лайнеріндегі қазақстандықтардан коронавирус анықталмағаны және олардың кемеден шығарылғаны белгілі болған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842392-koronavirus-taragan-diomond-princess-lajnerindegi-trt-kazakstandyk-elge-oraldy/

pixel