RU

"Өте ыңғайсыз": Көпшілік тым биік туфлиі үшін Сәдуақасованы сөгіп тастады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде халық әртісі Роза Рымбаеваның әріптесі Мәдина Сәдуақасованың биік өкшелі туфлиін киген видеосы пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар/ Instagram

Фото: Видеодан кадрлар/ Instagram

Сахна cыртындағы қызықты сәтпен әнші Мадина Сәдуақасова бөлісті.

"Роза Қуанышқызы менің сахнаға киетін туфлиімді киіп көрді. “Өте ыңғайсыз ғой” деп жатыр. Видеода дыбыс жоқ, бірақ", -деп жазды өнер иесі.

Мұны көрген көпшілік те халық әртісін қолдай кетті. Олар әншінің аяқ киімі тым ыңғайсыз екенін жарыса жазды.

"Сол үшін екен ғой орныңыздан қимылдамай тұратыныңыз", "Көргеннің өзі ыңғайсыз", "Не деген биік", "Талып құласаң қиын ғой", "Мадина, мына аяқ киіммен қалай жүресіз?", "Өте ыңғайсыз екені көрініп тұр", "Шынымен, қорқынышты" десті олар.

Айта кетейік, отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова оқырмандары мен таныстарының көбісі өзін әнші Мадина Сәдуақасоваға ұқсатып жататынын айтты. Қайрат Нұртастың анасы мен эстрада жұлдызымен жұмыс істейтін визажист мамандар да олардың бет пішіндері бірдей екенін айтуда.

Гүлзира Айдарбекова әнші сіңлісі Мадина Сәдуақасовамен өзара ұқсастығы жайлы Instagram парақшасында жазба жариялап, желідегілермен бөліскен. Оған қоса, белгілі продюсер өзін Жазира Байырбековамен шатастырып жататындар бар екенін жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Өте ыңғайсыз": Көпшілік тым биік туфлиі үшін Сәдуақасованы сөгіп тастады (видео)
Mailfire view pixel