Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты ұрыстым: Тұңғышының қыз екенін естіген Мирас Құралайға неге ашуланған

Опубликовано:

Қазақ ән өнерінің жарық жұлдызы Мирас Бекжанов төрт жыл күткен тұңғыштарының қыз екенін білгенде келіншегі Құралайға қатты ұрысқанын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

мирас
Мирас пен Құралай. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Facebook

Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай үйленген соң бірден бала сүйе алмапты. Төрт жылдан кейін аяғы ауырлаған Құралай сәбидің қыз болғаны үшін күйеуінен қатты ұрыс естіген көрінеді.

"Үйленген соң 4 жыл сәби сүйе алмадық. Төрт жылдан кейін сәби дүниеге келетінін естіп, Ақтөбедегі ата-анамыз, туыс-туғанымыз, өзіміз ұл баланың есімін тізіп жазып қойдық. Бір күні Құралай сәбидің қыз екенін айтқанда қатты ұрыстым. "Сенің мұның не? Қызды ертең өсіресің, оқытасың, сосын оны басқа үйге жіберсің" деп айтқаным бар (күледі). Содан Құралай түнімен жылап шықты.
Таңертең көзі ісіп кеткен. Екінші сәбиіміз де қыз болды. Ол үйреніп кеткен кезіміз. Үшінші сәбиде тексерілуге барғанда "ұл" деді. Екеуіміз бір-бірімізге қарап күле береміз, күле береміз. Сол жердегі дәрігер "100 пайыз емес, 100 пайыз" емес дейді. Біздің күлгенімізден қорқып кетті", - деп есіне алды әнші.

Бекжановтың айтуынша, қыз баланы тәрбиелеу қиын. Олардың көзқарасы, ойы, араласатын ортасы қандай екенін білу маңызды. Әншінің мінезі жұмсақ болғанымен, қыздарына келгенде қатал.

Сондай-ақ өнер иесі болашақта отбьасына кедергі келтірмесін деп қыздарын өнерге жақындатпаған. Айтуынша, балаларына қандай ата-ене не ер азамат жолығарын ешкім білмейді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мирас пен Құралайдың алаяқтарға алданып қалғанын жазған едік. Өнер иелері өздерінен миллиондап қарыз алған әйелді таппай қалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842400-katty-rystym-tgysyny-kyz-ekenin-estigen-miras-kralajga-nege-asulangan/

pixel