Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте екі әскери қызметкердің денесі табылды

Опубликовано:

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден екі әскери қызметкердің денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik / Табылды Қадырбеков
Көрнекі фото: Sputnik / Табылды Қадырбеков: Depositphotos

Қайтыс болған 1992 және 1994 жылы туған екі жігіт №556/52 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Сонымен қатар Шымкент қаласы Түркістан көшесіндегі үйлердің бірінен пәтер жалдап тұрған.

Алдын ала мәлімет бойынша екеуі де бір-біріне туыс болып келеді. Қазір екі жігіттің өліміне қатысты сот медициналық сараптамасы тағайындалған. Өлім себебі анықталып жатыр.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментініңбаспасөз қызметінің мәлімдеуінше пәтерді жылыту мақсатында газ плитасы қолданылған.

Газ берудің үзілісі салдарынан табиғи газ шығуы орын алған көрінеді.

"24 ақпан таңғы сағат 08.40-та Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті шұғыл кезекшілердің басқару пультіне Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданы, Түркістан көшесі бойында орналасқан көп қабатты үйлердің біріндегі пәтерден 1992 және 1994 жылғы екі ер азаматтың денесі табылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД-дан 3 қызметкер және Полиция департаментінен 4 қызметкер  жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте бір үйдің балалары белгісіз заттан уланып, ауруханаға түскен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842406-symkentte-eki-skeri-kyzmetkerdi-denesi-tabyldy/

pixel