RU

Ғалымдар: 50 жылдан кейін жануарлардың үштен бірі Жер бетінен жойылуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Американың Аризона университетінің зерттеушілері 50 жылдан кейін Жер бетінде тіршілік ететін жануарлардың шамамен үштен бірі жойылып кетуі мүмкін деген шешімге келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Арменияға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ғалымдар әлем бойынша 581 ауданда тіршілік ететін жануарлардың 538 түріне қатысты мәліметтерді пайдаланған. Олар соңғы 10 жыл ішінде бір жерді мекендеген жануарлар түріне және сол жерлерде жасалған зерттеулерге басымдық берген.

Мамандар бір немесе бірқатар жерде зерттеу жүргізілген жануарлардың 538 түрінің 44%-ы жойылып кеткенін анықтады. Олар сондай-ақ климаттық мәліметтерді де зерттеп шықты.

The Independent басылымы мәлім еткендей, ғалымдар әр учаскеде 19 климаттық ауысымның өзгерістерін зерттей келе, қандай климаттық өзгерістер белгіленген жерде жануарлардың жойылуына ықпал ететінін анықтады. Сондай-ақ олар жануарлардың жойылмай тұрып, қанша климаттық өзгеріске шыдай алатынын білді.

Бұдан бөлек, мамандар қоршаған ортаның өзгеруі мен ауа температурасының көтерілуінен қашып, басқа ортаға тез бейімделе алатын жануарлардың түрін анықтаған.

Зерттеу нәтижелері жануарлардың көп түрінің климаттық өзгерістерге байланысты мекендейтін аймақтарын тез ауыстыра алмайтынын көрсетті. Ғалымдар олардың қозғалыс жылдамдығы жөніндегі бұрынғы зерттеулерге сүйеніп, осындай шешімге келген. Керісінше, бұл тіршілік иелерінің көп түрі басқа аймаққа ауыспай, қалыптасқан климаттық өзгерістерге, атап айтқанда, ауа температурасының белгілі бір деңгейдегі өсіміне бейімделуді үйренген.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысындағы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында барыс кезекті рет бой көрсетті. Жыртқыш аң 2019 жылғы желтоқсан мен 2020 жылғы қаңтарда фототұзаққа түсіп қалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ғалымдар: 50 жылдан кейін жануарлардың үштен бірі Жер бетінен жойылуы мүмкін
Mailfire view pixel