RU

Қазақстанда екпе салынбаған сәбилер балабақшаға қабылдана ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда өткен "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасын талқылау барысында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері вакцинациядан бас тарту мәселесі қалай шешілетіні туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

садитк

Көрнекі фото: pixabay.com

"Міндетті вакцинация мен ерікті вакцинацияға не кіреді, нақты белгілері көрсетілген. Адамдар неге бас тартады? Біріншіден вакцинаның сапасына сенімсіздік. Соңғы уақытта тек сапалы вакциналарды алудамыз. Вакциналар мемлекеттік мекемелерге де, жеке секторларға да бірдей беріледі. Бақылаудан өтпеген вакцинаны ешкім кіргізе алмайды.
Біз кіргізу, жеткізу, сақтау, тасымалдауға бақылауды күшейттік. Медициналық қызметкердің де жауапкершілігін арттырдық. Бүгін бір дәрігерге үш медбикеден келеді. Міне, бір медбике вакцина салынғаннан кейін баланың жағдайын біліп, көріп, хабарласа алады", -деді мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.

Ол екпе егілмеген балаларды мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау мәселесі қалай шешілетіні туралы да айтты.

"Ұжымдық иммунитеттің тұжырымдамасы бар деген пәтуаға жеттік. Егер топта 95% вакцинация болса, 5% біз рұқсат ете аламыз", - деді Аманжолова.
садитк

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Осы мәселеге қатысты Денсаулық сақтау министрі де пікір білдірді.

Балаларында асқынушылық болғанын айтқан ата-аналардың өтініштері болғанын біз жақсы білеміз. Бұл дұрыс емес дайындық, біз өзімізді жауапкершіліктен босатпайтынымыз сөзсіз.
Қазір біз вакцина сапасын сақтау жоспарын құрастырдық. Бұл ағымдағы жылға арналған нақты іс-шаралар жоспары, біз екпені қауіпсіз ету үшін жасауымыз керек. Барлық іс-шаралар қарастырылады", - деді министр Елжан Біртанов.

Айта кетсек, Петропавлда тұмауға байланысты мектеп оқушылары карантинге жіберілген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда екпе салынбаған сәбилер балабақшаға қабылдана ма
Mailfire view pixel