RU

Оңтүстік Кореяда Samsung зауыты жабылды: Қызметкер коронавирус жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяда қызметкерлерінің бірінде коронавирус анықталуына байланысты Samsung Electronics компаниясы смартфон өндіру бойынша зауытын уақытша жапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости/ ru.delfi.lt

Фото: РИА Новости/ ru.delfi.lt

"22 ақпанда Gumi Complex кәсіпорнында жұмыс істейтін Samsung Electronics қызметкерінде COVID-19 коронавирусы анықталды", – деп хабар таратты CNN телеарнасы компанияның мәлімдемесіне сүйене отырып.

Белгілі болғандай, қатерлі дерт Куми қаласындағы зауытта жұмыс істейтін 28 жастағы қыздан анықталған. Болжам бойынша, ол ауруды 9 және 16 ақпанда "Синчхончжи" шіркеуінде болған жігітінен жұқтырған.

Коронавирус жұқтырған қызбен байланысқа түскен кәсіпорынның барлық қызметкерлері тест тапсырып, тексеруден өтті. Олар уақытша карантинге жатқызылған.

Бүгінде Оңтүстік Корея ауруды жұқтырғандар саны бойынша Қытайдан кейінгі екінші ел болып саналуда. Соңғы деректерге сәйкес, бұл жерде коронавирус жұқтырғандар саны 763 адамға жеткен, жетеуі қаза болды.

Белгілі болғандай, аудуды жұқтырғандардың басым бөлігі – "Синчхонджи" діни сектасының өкілдері. Осыған орай жергілікті тұрғындар оны жабуды талап етуде.

Айта кетейік, Жапониядағы коронавирус тарауына байланысты жолаушылары карантинге жабылған Diamond Princess лайнеріндегі төрт қазақстандық елге оралған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оңтүстік Кореяда Samsung зауыты жабылды: Қызметкер коронавирус жұқтырған
Mailfire view pixel