Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лейкоз дертіне шалдыққан бір жарым жасар сәби көпшіліктің көмегіне мұқтаж

Опубликовано:

Бір жарым жасар Айғаным есімді қыз отандастарының көмегіне зәру болып отыр. Ақ қан ауруына шалдыққан сәбидің ата-анасы бастапқыда оның емін өз қалтасынан төлеп отырған. Алайда, емделудің бірінші курсынан нәтиже шықпай, перзенттерінде лейкоз қайталанып кетеді. Аса ауыр жағдайға тап болған ерлі-зайыптылар барша жанашыр қазақстандықтардан көмек сұрауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/arnaaiganym. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/arnaaiganym. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Анықталғандай, Айғанымда туыла біткен лейкоз болып шықты. Алайда, ауыр дерттің белгілері тек алты айында біліне бастаған. Мұны аңғарған ата-ана қызын бірден Түркияға емдеуге алып кетті.

Бір жарым жасар сәби он ай бойы химиотерапия алып жүрген. Бірінші курсы аяқталып, одан нәтиже шығады деген үмітте болған ерлі-зайыптыларды мүлдем жаман хабар күтті. Айғанымның ақ қан ауруы тағы бір мәрте қайталанған (рецидив).

Бүгінгі күні науқас сәбидің ата-анасы Түркияда жілік майының трансплантациясын жасату үшін қалды. Бұған дейін олар өз қалтасынан ай сайын 25 мың АҚШ долларын төлеп келген. Алайда, ерлі-зайыптылардың жинап терген қаражаты таусылып, олар көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр болды.

Олар барша жанашыр отандастары қол ұшын созатынына үміт артып отыр. Бүгінде Айғанымның отбасы үшін әрбір минут аса қымбат. Ерлі-зайыптылар әрбір тиынға да риза болатынын жеткізді.

Бір жарым жасар сәбидің еміне қаржылай көмек көрсеткісі келетіндер төменде келтірілген есепшоттарға ақша аударуларыңызға болады:

Kaspi Gold: 5169 4931 5266 6965 (Анасы - Aizhan Temirkhanovna)

ЖСН: 9009 1140 0017

Halyk Bank: 4390 8782 5542 9333 (Abylay Arna)

Сбербанк: 4578 3200 0315 0899 (Abylay Arna)

Киви-әмиян: 8778 064 96 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842448-lejkoz-dertine-saldykkan-bir-zarym-zasar-sbi-kpsilikti-kmegine-mktaz/

pixel