RU

Алматыда бір топ жігіт бойжеткенді алып қашып кетпек болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда қыз алып қашпақ болған жігіттердің ісі қаралып жатыр. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Автосити" сауда орталығының маңындағы адам ұрлау әрекетіне Юлия есімді алматылық ару куәгер болған. Ұрлықшыларды тоқтата алмаған ол көлік нөмірін есіне сақтап алып, полицияға хабар берген.

"Сағат 21:30 шамасында сауда орталығының кіреберісінде бір топ азаматты байқадым. Бір кезде қыз шыңғырып жіберді. Қасында тұрған екі азамат оны қинап, көлікке салды. Ал қалғандары жанында тұрды. Мен көлікке жүгіріп жеткенімде, олар есікті жауып алды. Нөмірін есіме сақтап алдым. Қалған жігіттер маған "Бәрі дұрыс, бұл дәстүр, олар отау құруға бара жатыр" деп тоқтатты. Мен ашуланып, осындай жағдайдан кейін қыздар суицидке баратынын айттым",- деді Юля басылым тілшісіне.

Ол полиция шақырып, операторға көлік нөмірін, түсін және жағдайын хабарлаған.

Полиция куәгердің дабылы бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, қыздың тұлғасын анықтады. Ол өз кезегінде жақын танымайтын азамат дәстүр бойынша алып қашқанын айтты.

"Қыз келісім бермей, өздігінше кетіп қалған. Күдіктінің де тұлғасы анықталды. Жақын арада ол ұсталады және жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады. Аталған іске қатысты тергеу жұмысы жалғасуда",- деді Алматы ПД баспасөз қызметі.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда бір топ жігіт бойжеткенді алып қашып кетпек болды
Mailfire view pixel