RU

Бекшин: Ресми түрде мәлімдеймін – Зайсанда коронавируспен ауыратындар жоқ

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында коронавирус анықталғаны туралы қауесет тарауда. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осыған байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жандарбек Бекшин. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Жандарбек Бекшин. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі: Facebook

Бас санитар ресми түрде Зайсан ауданында коронавируспен ауыратындар жоқ екенін, тіпті, қатерлі вирусқа шалдығу күдігімен ауруханаға жатқызылған бірде бір науқас жоқ екенін мәлімдеді.

Ол Қазақстанның барлық қалаларында аурудың өршіген кезінде, соның ішінде өткір респираторлық вирустық инфекция немесе тұмау таралғанда науқсатарды жатқызатын медициналық мекемелер алдын ала дайындалатынын жеткізді.

Бұған дейін еліміздің бас санитарлық дәрігері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин қазақстандықтарға коронавирус қаупіне байланысты бірқатар елдерге сапарлардан бас тартуға кеңес берді.

Атап айтқанда, денсаулық сақтау ведомствосы азаматтарды Қытайдан бөлек, Оңтүстік Корея, Иран, Сингапур, Малайзия, Италия, Жапония және Таиландқа бармауға шақырды.

Айта кетейік, коронавирус тарауына байланысты жолаушылары карантинге жабылған Diamond Princess лайнеріндегі төрт қазақстандық елге оралған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842471-beksin-resmi-trde-mlimdejmin-zajsanda-koronaviruspen-auyratyndar-zok.html