Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Қазақстанның Украинадағы жаңа елшісіне тапсырма берді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Қалетаевты қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

ааааа
Фото: Ақорда: Depositphotos

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды одан әрі дамыту, сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру, IT технология саласындағы ықпалдастықты арттыру мәселелері сөз болды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Қалетаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Дархан Қалетаевтың Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Ашық дереккөзде жарияланған ақпаратқа сәйкес, саясаткер 1972 жылы 14 қазанда ШҚО-да дүниеге келген.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі болып, "тарихшы" мамандығы бойынша диплом алды.

1996-1997 жылдар аралығында Қазақстан перезиденті жанындағы Ұлттық Жоғары мемлекеттік басқару мектебінде оқыды.

Сонымен қатар, саяси ғылымдар докторы болып табылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1842472-prezident-kazakstanny-ukrainadagy-zaa-elsisine-tapsyrma-berdi/

pixel