RU

Қарумен қашып кеткен әскеридің сыбайластары ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысындағы әскери бөлімді өз еркімен тастап және қару алып кеткен әскери қызметші Абылай Балғынбайдың екі сыбайласы ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

Polisia.kz-тің мәліметінше, жоғарыда аталған әскери қызметші мен оның екі азаматтық сыбайласын ІІМ және ҰҚК-нің бірлескен жедел-тергеу тобы тұтқындаған.

Тінту кезінде олардан ұрланған қару тәркіленген. Тергеу сотының санкциясымен ұсталған адамдар қамауға алынған.

Сонымен қатар, жекелеген лауазымды адамдардың, оның ішінде әскери бөлім басшылығының қызметтік міндеттерге немқұрайлы қарағаны үшін жауапкершілігі туралы мәселе қарастырылуда.

Тергеу жалғасуда.

Еске сала кетейік, 20 ақпанда Шымкент қаласына жақын жердегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінен келісім шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшінің өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған.

Дәл сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде атыс қаруының белгілі бір санының жетіспеушілігі анықталған.

Бұдан кейін аймақта әскериді "Ұстау" операциясы жарияланды.

Сол күні кешке ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел топ әскери қызметшіні тұтқындағаны белгілі болды.

Кейін әскеридің ұсталуына қатысты Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пікір білдіріп, оның сыбайластары іздестіріліп жатқанын мәлім еткен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарумен қашып кеткен әскеридің сыбайластары ұсталды
Mailfire view pixel