Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 2663-ке жетті

Опубликовано:

Соңғы тәулікте аспан асты елінің аумағында 508 адам өлімге әкеп соғатын пневмония жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы алғанда, коронавирустан көз жұмғандар саны 2663 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Getty Images / Chung Sung-Jun
Фото: Getty Images / Chung Sung-Jun: Twitter

Бүгінде Қытайда 77 658 адам коронавируспен күресуде. Қазіргі уақытқа дейін 27 232 адам айығып, ауруханадан шықты.

РИА Новости мәліметінше, вирус құрбандарының саны 2 663 адамға жетіп отыр. Соңғы тәуліктегі қайғылы жағдайлардың бәрі Хубей провинциясында тіркелген.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда қызметкерлерінің бірінде коронавирус анықталуына байланысты Samsung Electronics компаниясы смартфон өндіру бойынша зауытын уақытша жапты.

"22 ақпанда Gumi Complex кәсіпорнында жұмыс істейтін Samsung Electronics қызметкерінде COVID-19 коронавирусы анықталды", – деп хабар таратты CNN телеарнасы компанияның мәлімдемесіне сүйене отырып.

Белгілі болғандай, қатерлі дерт Куми қаласындағы зауытта жұмыс істейтін 28 жастағы қыздан анықталған. Болжам бойынша, ол ауруды 9 және 16 ақпанда "Синчхончжи" шіркеуінде болған жігітінен жұқтырған.

Ал еліміздің бас санитарлық дәрігері Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істеп жатқан 42 Қытай азаматы туралы мәселеге тоқталды – ол аталған өңірде жол салып жатқан қытайлық жұмысшыларға далада "лагерь" салынғанын мәлім етті.

Бас санитардың мәліметінше, қытайлық жұмысшылар Қазақстаннан өз елдеріне кете алады, алайда, қайта оралған кезде бірден карантинге жатқызылады. Құрылыс нысанында оларға арнайы карантиндік орын жасақталған.

Бекшин сондай-ақ жақында Қытайдан елге оралған төрт жұмысшының 16 күндік карантинге жатқызылғанын, олардан вирустың белгілері анықталмағанын атап өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1842517-kytajda-koronavirustan-kz-zmgandar-sany-2663-ke-zetti/

pixel