Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуін өлтірді деп күдікке ілінген зейнеткердің үйінде екі полиция қызметкері тұрған

Опубликовано:

Алматы облысында 78 жастағы әйел адам күйеуін тапсырыспен өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Ал зейнеткер тергеліп жатқан уақытта оның үйінде екі полиция қызметкері тұрған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Бұл оқиға туралы Еуразия бірінші арнасының тілшілері ақпарат жинастырды.

Алматы облысының 78 жастағы тұрғыны күйеуін тапсырыспен өлтірді деген күдікке ілінген. Соттың материалдарында зейнеткер мен оның құрбысына қатысты тергеу жұмыстары жүргені көрсетілді.

Телеарнаның мәліметінше, ер адамның өліміне бір жыл уақыт болғанда істің куәгері полицияға барып, қарияның тапсырыспен "көзін жойғанын" жеткізген.

Соның нәтижесінде, төрт адам күдікке ілініп, тергеу жұмыстары басталады. Айыпталушылардың қатарында қайтыс болған қарттың жары және оның құрбысы, тапсырысты қабылдаған ер азамат пен әйел адам болды.

Алайда сот отырысы барысында куәгер берген түсінігінен бас тартқан. Ол әйел адамға құқық қорғау органдарының қысымымен жала жапқанын айтыпты.

Сотта тергеу жұмыстары өткен 8 айдың ішінде күдікке ілініп, үй қамаққа алынған зейнеткердің пәтерінде екі полиция қызметкері тұрғаны анықталған.

Күдікті құқық қорғау органының қызметкерлерін бұдан былай 60 мың теңгеге жетпейтін зейнетақасына асырай алмайтынын мәлімдеген.

Әйел адамның адвокаттарына күдіктінің үй қамаққа алыну туралы шешімімен танысуға рұқсат етілмеді.

Егер 78 жастағы қазақстандықтың кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842519-kjeuin-ltirdi-dep-kdikke-ilingen-zejnetkerdi-jinde-eki-policia-kyzmetkeri-trgan/

pixel