Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларға өмір сыйла": Құрманғазы оркестрі қайырымдылық кешін өткізді (фото)

Опубликовано:

23 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі «Балаларға өмір сыйла» атты қайырымдылық концертін өткізді. Кештен жиналған қаражат Аружан Саинның «Мейірім» қоғамдық қорына аударылып, көмекке мұқтаж балалардың еміне жұмсалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ааааа
Фото: NUR.KZ: Original

Айта кетерлігі, бұған дейін Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, "Мейірім" қоғамдық қорының негізін қалаушы Аружан Саин мен Құрманғазы оркестрінің директоры Қуанышбек Жанболатұлы бірлескен жоба бойынша жұмыс істеу туралы меморандумға қол қойған еді.

Қарттар үйінде, балалар үйінде және мүгедек жандарға арналған ұйымдарда талай мәрте өз өнерін көрсетіп жүрген ұлы оркестр еліміздегі өзге мәдени ұжымдардың арасында алғашқылардың бірі болып осындай игі істі бастады.
ааааа
Фото: NUR.KZ: Original

Бұрын-соңды болмаған концертте Құрманғазы оркестрі Г. Свиридов, А. Пьяццолла, И. Брамс, Е. Брусиловский секілді шетелдік композиторлардың шығармалары мен қазақтың күйлерін орындады.

Сондай-ақ, оркестрдің сүйемелдеуімен белгілі халық әндері де шырқалды.

Ең қызығы, осынау ерекше кешке атсалысып, үлес қосқысы келген шетелдік азамат "Балбырауын" күйін орындап, қонақтарды таңғалдырды.

Қазақстанда тұратын ер адам ағылшын тілінен сабақ беретінін және осы елде өмір сүре тұра оның тілін, мәдениетінін білмеуді ұят санайтынын алға тартты.

Оның айтуынша, ол өз бетімен домбыра шертуді үйреніп жүр екен.

ааааа
Фото: NUR.KZ: Original

Сонымен қатар, қайырымдылық кешіне Сәтжан Шаменов, Батыржан Мықтыбаев, Әсел Рақымжан, Әсет Жұмабаев, Әділхан Макин, Азамат Бекбергенов сынды өнер иелері қатысты.

ааааа
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842523-balalarga-mir-syjla-krmangazy-orkestri-kajyrymdylyk-kesin-tkizdi-foto/

pixel