Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екеуін де сүйемін": Құда баласымен төсектес болған әйел жұбайынан жүрексініп жүр

Опубликовано:

Ерлан есімді құда баласымен қайнысының тойында танысқан келіншек қазір махаббатқа мастанып жүр. Қалыңдық жақтан жекжат болып келетін азамат оны өмірде де, төсекте де баурап алған. Екі баланың анасы бүгінде қандай таңдау жасарын білмей әлек деп жазады KAZ.NUR.KZ Алаш айнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: segodnya.ua
Көрнекі фото: segodnya.ua: Facebook
"Жанында толықша келген, қысқа шашты әйелі болды. Тойда билеп жүріп, ара-арасында сөйлесіп үлгеріп, арамыздан бір ұшқын шарпып өтті. Бір аптадан соң күндіз кездестік. Пәтерді жалға алып, аптасына бір рет кездесетін болдық. Бірде бұл жүрісімді күйеуім біліп қала жаздады. Ерлан хабарлама жазған еді, соны оқып отыр едім, күйеуім біреумен "смс" жазысып жүрсің бе деп бас салды. Ауа райы туралы келіпті деп зорға құтылдым",- деп бастады келіншек әңгімесін.

Ол Ерланмен төсекте өзін жалынды әрі еркін ұстайтынын айтады. Ал күйеуімен ешқашан жасамаған түрлі дүниелерді тәжірибелеп, барынша ләззәт алуға беріледі екен.

"Ерланның да қиялында шек жоқ екен. Бұрын мен көрмеген, білмеген қызық нәрселер жасайды. Әйел адамға жыныстық қатынастың тигізер пайдасының көп екенін түсіндім. Жалпы әйел затының құлазыған көңілін көтеретін де, жасартатын да төсек қатынасы екен.
Ерланмен кездескелі бері жадырап, жүзіме күлкі үйіріліп, бейне бір керемет сезімде, ұшып жүргендей сезімдемін. Қыз бен жігіт болып жаңа танысып, жүріп жүрген кездегі балғын сезімдер қайтадан оянып, бақыттан басымның айналып жүргенін кімге айтарымды білмедім. Ерланмен кездескенде ғана өзімді нағыз әйел ретінде сезіне аламын", -деп ағынан жарылды әйел.

Осылайша, сезімге беріліп жүрген келіншек үш айдан кейін аяғы ауыр екенін біледі.

"Қуанарымды, не жыларымды білмедім, бірақ қуаныш басып кетті. Негізі күйеуіммен арада бір қызымыз бар. Екінші құрсақты да босанатын болып шештім. Сөйтіп, ұл туып алдым. Бірақ, баламның кімнен екенін нақты білмеймін. Кейде өз-өзімнен жиіркенемін, бірақ баламды көріп, жиіркенішім басылады.
Күйеуім мұның бәрінен бейхабар, әрине. Оның көзіне қарасам, кейде қуыстанамын. Жүктілік кезінде, босанғасын Ерланмен қарым-қатынасты үзуге тура келді. Бірақ, оны жадымнан шығарған емеспін. Балам алты айға толғанда өмірімде Ерлан қайтадан пайда болды. Өзімнің ішкі сезімдерімді өзім түсінбей әлекпін.
Мен күйеуімді де сүйемін, Ерланды да сүйемін. Екеуінсіз де өмір сүре алмаймын. Ерланмен болған сәтте күйеуімді ойлаймын, күйеуіммен болған кезде Ерлан ойымнан шықпайды. Әрине, күйеуім төсекте Ерлан тәрізді емес, дегенмен өзімді сыйлайды, жақсы көреді",- деп күйінді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842524-ekeuin-de-sjemin-kda-balasymen-tsektes-bolgan-jel-zbajynan-zreksinip-zr/

pixel