Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік боксшы Сергей Ковалев АҚШ-та қамауға алынды

Опубликовано:

Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалев (34-4-1, 29 КО) АҚШ-та қамауға алынды. Ол мас күйде автокөлік жүргізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/sergeykrusherkovalev
Фото: instagram.com/sergeykrusherkovalev: Instagram

Калифорния қаласының полициясы шамамен түнгі сағат екіде Ковалевтың автокөлігін тоқтатқан. Тәртіп сақшысы боксшының мас күйде екенін болжап, оны тұтқындап, жақын жердегі учаскеге жеткізген.

Әзірге оның медициналық тексеруден өткен-өтпегені белгісіз. Шамамен таңғы сағат 07:35-те бұрынғы әлем чемпионы ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Бұл Ковалевтың АҚШ-та заң бұзып, көзге түскен бірінші оқиғасы емес. 2018 жылы модель және актриса Джейми Фронтц боксшыға сауық кешінен кейін онымен интимді қарым-қатынасқа түсуден бас тартқаны үшін өзін жарақаттады деп айып таққан болатын. Ал 2019 жылы ресейлікті ұшақта орынсыз мінез-құлық танытқаны үшін рейстен түсіріп алған еді.

Еске сала кетейік, Сергей Ковалев өзінің соңғы жекпе-жегінде Сауль "Канело" Альвареске (53-2-1, 36 КО) нокаутпен жеңілген болатын. Осылайша, мексикалық боксшы төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанған еді.

Ресейлік экс-чемпион 25 сәуірде ринге оралады деп күтілуде. Ол бірінші ауыр салмақта жекпе-жек өткізбек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842525-resejlik-bokssy-sergej-kovalev-aks-ta-kamauga-alyndy/

pixel