Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоңыз теріп кетті": Асхат Садырбай отандық әншілерді аяусыз сынап тастады

Опубликовано:

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай қазақстандық шоу-бизнес өкілдерін қатаң сынғас алды. БАҚ өкілі бүгінде олардың шынайы өнерден гөрі той бизнесін өрлетіп, жеңіл табыс табу мақсатында күн сайын түрлі лотерея ұйымдастырып жүргеніне шүйлікті. Оның сөзінше, әртістер өз абыройын өздері түсіріп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Асхат Садырбай Instagram парақшасында өткір жазба жариялап, өзекті тақырыптардың бірін көтерді.

Белгілі журналист күні кеше ломбардты жарнамалап, артынан сон соқтырып қалған өнер жұлдыздарын сынап тастады.

"Әншілер неге қоңыз теріп кетті? Ат қайда, арба қайда, ән қайда? Өткенде авторлық құқықты қорғайтын одақтан түсетін ақша қайда деп бір шулады.

Күн сайын әр әншіден бір лоторея. Одан кеше ломбардтың жарнамасын жасап, талай адамды сан соқтырды.

Менің ойым: Өркениетті елдер пираттармен күресіп жатқанда біздің әншілер мен продюсерлер пираттарға ақша төлеп әндерін таратқызды.

Тек әндер емес, кинолар, концерттер де солай таралды. 300 теңгеге ішінде папка-папка 3000 ән жазылған MP3 дискті алғандар мойындасын.

Өркениетті елдер CD, DVD дискілердің дәуірімен қош айтысып Netflix сынды жобаларға бет бұрып, сандық технологиялар мен онлайн қызмет түрлерінен табыс табуды жүзеге асырып жатқанда біздің әншілер көрші елдердің ырғақты әндерін ұрлап, сапасыз той әндеріне күш салды" , - деп жазды Садырбай.

Оған қоса, ол отандық әртістерді енді теледидардан емес, күнде тойдан ғана көретін болғанын алға тартты. Асхат Садырбай қазақстандық өнер саласына күрделі өзгеріс енгізу керек екенін жеткізді.

"Өзге елдер шоу бизнеске барын салып жатқанда, біздікілер той бизнесті дүркіретіп жатты. Әр әншінің ән қоржынында билететін той әні болуы шарт боп кетті.

Тіпті театр актерлері, кино, балет әртістеріне дейін тойға шықты. Шықпағанда қайтсін, табысы қомақты, жұмысы да қиын емес. Ол аз десеңіз "Той Думан" деген телеарна ашылды.

Қазақпыз, той тойлаймыз, тойға қарсы емеспіз. Бірақ, той тойлаудың жөні осы екен деп бәрін тойға тіреп қойғаннан не ұттық? Анда-санда теледидардан, сахнадан сағынып көретін әртістеріміз күнде тойда.

Бұрынғыдай ас та төк той көп емес қазір. Жұрт та сол бір сарындағы әндер мен жаңалығы жоқ әншілерден жалықты.

Той азайған жоқ, тойға қымбат әншілерді әйтеуір шақыра беру азайды. Тығырыққа тірелдік пе дей бергенімізде бізге лотерея деген тағы бір тамаша идея келді.

Ол да ешкімді жақсылыққа апармайтыны анық. Бір күндік жеңіл табыс. Адамдарды алдап-арбау арқылы табатын берекесіз табыс.

Ақша кетеді, абырой қалады деген сөз бар емес пе?! Тек ақшаны ойлай бермей абыройды да ойлау керек. Дамыған елдер сияқты біз де әлемдік стандарттарға көшуіміз керек. Барлығы заңды, лицензиялы болуы керек. Одан мемлекет те, әртістер де ұтылмайды! Әлі де кеш емес" , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Асхат Садырбай өзіне жасалып жатқан құйтырқы әрекеттер туралы бар шындықты айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842527-koyz-terip-ketti-ashat-sadyrbaj-otandyk-nsilerdi-aausyz-synap-tastady/

pixel