RU

Жапонияда әлемдегі ең қарт адам 112 жасында қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Планетаның ең қарт тұрғыны, жапониялық Ватанабе Титэцу 23 ақпан күні 112 жасында қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Фото: kyodonews

Фото: kyodonews

Ол Ниигата префектурасындағы қарттар үйінде көз жұмған.

Ватанабэ Титэцу 12 ақпанда Гиннестің рекордтар кітабына жер бетіндегі ең қарт адам ретінде енген болатын.

Бір ғасырдан астам уақыт өмір сүрген қария 1907 жылы 5 наурызда шаруа отбасында дүниеге келген.

Ол 20 жасында Тайваньға көшіп кетіп, 18 жылдан соң отанына қтай оралған.

Жапониялық қартқа дейін әлемдегі ең ұзақ өмір сүрген адам Хоккайдо аралының тұрғыны Масадзо Нонака болған.

Ол 2019 жылдың 20 қаңтарында 113 жасында өмірден өтті.

Белгілі болғандай, Жапонияда 80 жастан көп өмір сүрген адамдар саны 2015 жылы 10 миллион адамнан асқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Тәжікстанда үш ғасырды көрген Фотима Мирзокулова әжейдің 127 жасында өмірден өткенін жазған болатынбыз.

1893 жыл Соғды облысында дүниеге келген әжей бес қыз бен үш ұл баланы өірге әкеліп, олардан 200-ге жуық немере, шөбере және шөпшек көрген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жапонияда әлемдегі ең қарт адам 112 жасында қайтыс болды
Mailfire view pixel