RU

"Скат" жолаушылары вирус тараған лайнердегі қазақстандықтармен бірге ұшып келген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақында Жапонияның Токио қаласынан оралған "Кешью" тобының директоры қазір 14 күндік карантинде жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Назым Басқынбаева. Фото: instagram.com/nazymbaskynbayeva

Назым Басқынбаева. Фото: instagram.com/nazymbaskynbayeva

Назым Басқынбаева бұл туралы өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.

Продюсердің айтуынша, ұшақта болған барлық жолаушыларды қонғаннан кейін бір автобусқа отырғызып, "белгісіз бағытта" алып кеткен. Алдын ала барлығының төлқұжаттарын алып қойған.

Отандық топтың директоры атап өткендей, кейіннен оларды 14 күндік карантиннен өту үшін жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізген, алайда, бұл туралы алдын ала ескертпеген.

Ұшақ бортында өзге жолаушылармен бірге бұған дейін Diamond Princess круизді лайнерінен эвакуацияланған қазақстандықтар да болған. Қатерлі вируспен ауруы мүмкін адамдардың қарапайым жолаушылармен бір ұшаққа отырғызылуы Назым Басқынбаеваның ашуына тиді.

Ол сондай-ақ мәжбүрлі түрде 14 күндік карантинге жатқызылуына наразылық білдіруде. Продюсер әуе компанияның оның сұрақтарына жауап беруден бас тартқанын, сондай-ақ күні бойы азаматтық авиация комитетімен байланыса алмай жатқанын жеткізді.

Музыкалық ұжымның директоры жолаушылардың өміріне неліктен қауіп төндірілгенін түсінбеуде.

"Менің сұрақтарым бар:

Билік пен SCAT әуе компаниясына коронавируспен ауруы мүмкін адамдарды өзге жолаушылармен бірге тасымалдауға кім рұқсат берді?
Президентке іс-шараның сәтті өткені туралы есеп беру үшін оларға менің өмірімнің 14 күнін алуға кім рұқсат берді?
Іс жүзінде қамаудағыдай отырып, алған моральдік және материалдық шығынымды кім өтеп береді?", – деп жазды продюсер.

Еске сала кетейік, еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қазақстандықтарға коронавирус қаупіне байланысты бірқатар елдерге сапарлардан бас тартуға кеңес берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Скат" жолаушылары вирус тараған лайнердегі қазақстандықтармен бірге ұшып келген
Mailfire view pixel