Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік карантинге жатқызылған Scat жолаушыларынан кешірім сұрады

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 24 ақпанында Токиодан ұшып келген Scat әуекомпаниясының жолаушыларынан кешірім сұрады. Қазір вирус тараған Diamond Princess кемесіндегі төрт қазақстандықпен бірге келген адамдар 14 күндік карантинге жіберілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook
"Мұндай төтенше санитарлық-карантиндік шараларды қабылдаудың мақсаты қоғам денсаулығына қауіп төндіретін коронавирустық инфекцияның шығуына байланысты біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Айта кету керек, шешім барлық қойылған шарттармен және қысқа мерзім шеңберінде бір мезгілде қабылданды", -деді ведомство.

Министрлік ақпарынша, қазір барлық жолаушы мен экипаж мүшелері Нұр-Сұлтан қаласынан 7 шақырым жердегі медициналық мекемеде тәулік бойы дәрігерлер бақылауында жатыр.

Сараптама үшін алынған сынамалар Алматы қаласындағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Еске сала кетейік, еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қазақстандықтарға коронавирус қаупіне байланысты бірқатар елдерге сапарлардан бас тартуға кеңес берген еді.

Ал жақында Жапонияның Токио қаласынан оралған "Кешью" тобының директоры қазір 14 күндік карантинде жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842547-ministrlik-karantinge-zatkyzylgan-scat-zolausylarynan-kesirim-srady/

pixel